• Басты бет
  • Өмірбаян
  • ЗАМАНДАСТАР

  • “Shoqan Yalihanov” фильмі

  • Еңбектер
  • ХАТТАР
  • Әдебиеттер
  • Фильмдер
  • Саяхат картасы
  • Мақалалар
  • Жоба туралы
    • KZ
    • RU
    • Дереккөз
Logo

ЗАМАНДАСТАР

Шоқанның замандастары белгілі жазушылар, ғалымдар, этнографтар және саяхатшылар еді.

  • «Северная пчела»

    Солтүстік арасы

    1853

    Орыстың саяси және әдеби газеті. Санкт-Петербургте 1825-1864 жылдары шықты. 1820 жылдың аяғынан 1850 жылдың ортасына дейін Император кеңсесі III бөлімшесінің бейресми органы.

  • Аристов Николай Александрович

    1847-1910

    Орыс тарихшы-шығыстанушысы, этнографы. 1893 жылдан Орыс императорлық география қоғамының толық мүшесі.

  • Маргулан Алькей Хаканович

    Маргулан Алькей Хаканович

    1904-1985

    Қазақтың аса көрнекті археолог-ғалымы, шығыстануш, тарихшы, әдебиетттанушысы, өнертанушысы. Филология ғылымының докторы (1946), ҚазКСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

  • Бабков Иван Федорович

    Бабков Иван Федорович

    1827-1905

    Орыстың әскери қайраткері, жаяу әскер генералы (1890). Орыс императорлық география қоғамының толық мүшесі (1860).

  • Бартольд Василий Владимирович

    Бартольд Василий Владимирович

    1869-1930

    Ресей және кеңес шығыстанушысы, түрколог, арабтанушы, исламтанушысы, тарихшы, мұрағатшы, филологы. Ресей шығыстану мектебінің негізін қалаушы.

  • Берг Лев Семенович

    Берг Лев Семенович

    1876-1950

    Орыс және кеңес зоологы әрі географы. КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1928), толық мүшесі (1946), КСРО География қоғамының президенті.

  • Березин Илья Николаевич

    Березин Илья Николаевич

    1818-1896

    Ресейлік шығыстанушы (түркітанушы, ирантанушы, монғолтанушы), Петербург университеті түрік-татар әдебиеті кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, құпия кеңесші.

  • Веселовский Николай Иванович

    Веселовский Николай Иванович

    1848-1918

    Орыстың аса көрнекті археологы, шығыстанушы, Орта Азияның тарихы мен археологиясын зерттеуші.

  • Врангель Александр Егорович

    Врангель Александр Егорович

    1833-1915

    Орыс дипломаты, камергер. 1853 жылы Император Александров лицейіне тәмамдап, Әділет министрлігіне қызметке барған…

  • Гейнс Александр Константинович

    Гейнс Александр Константинович

    1834-1892

    Орыс императорлық әскерінің генерал-лейтенанты, этнограф. 1865-1866 жылдары қазақ даласында шаруашылық жүргізілу барысын және қазақтардың қарапайым құқығын зерттеген.

  • Геннади Григорий Николаевич

    Геннади Григорий Николаевич

    1826-1880

    Орыс библиографы, кітапқұмар. XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихын жазған. География, этнография, статистика, тарих, археология, өлкетану, орыс әдебиетінің тарихы жөніндегі 150-ден аса библиографиялық еңбектің авторы.

  • Георг Адольф Эрман (Georg Adolph Erman)

    Георг Адольф Ерман (Georg Adolph Erman)

    1806-1877

    Неміс саяхатшысы һәм физигі. Г.Эрман 1828 жылдан 1830 жылға дейін Солтүстік Азия, Тынық және Атлант мұхиттары арқылы жер шарын айнала саяхат жасаған.

  • Герасимов Борис Георгиевич

    Герасимов Борис Георгиевич

    1872-1938

    Орыстың өлкетанушы ғалымы. Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесі Семей бөлігінің құрылтайшысы(1902). Православиелік дін қызметкері.

  • Грум-Гржимайло Григорий Ефимович

    Грум-Гржимайло Григорий Ефимович

    1860-1936

    Орыс саяхатшысы, географ, зоолог, лепидоптеролог, Батыс Қытай, Памир, Тянь-Шань (1884-1890), Батыс Монғолия, Тува және Қиыр Шығысты зерттеуші (1903-1914). Турфан сарқырамасын ашқан.

  • Губарев Константин

    -

    Публицист, «Замандас» журналының қызметкері. XIX ғасырдың 60-шы жылдары Сібірге үлкен саяхат жасап, бірқатар очерктерін жариялады.

  • Достоевская Анна Григорьевна

    Достоевская Анна Григорьевна

    1846-1918

    Ф.Достоевскийдің екінші әйелі (1867 жылдан), оның балаларының анасы. Күйеуінің шығармашылық мұраларын жарыққа шығарушы ретінде танылған. Библиограф және естеліктер авторы. Ресейдің алғашқы филателистерінің бірі.

  • Достоевский Андрей Андреевич

    1863-1933

    Ресейдің географ-ғалымы. Ф.Достоевскийдің інісінің баласы. Толық статтық кеңесші.

  • Знаменский Михаил Степанович

    Знаменский Михаил Степанович

    1833-1892

    Орыс жазушысы, мемуаршы, әдебиетшісі, суретші, карикатурашысы, археолог, этнограф, өлкетанушысы.

  • Ибрагимов Шахмардан Мирасович

    1840-1891

    Ресейлік журналист, этнограф, дипломат. Шоқан Уәлихановтың досы әрі жерлесі (Көкшетау дуанының тумасы). Сонымен қатар, Омбы кадет корпусының тәрбиеленушісі.

  • Капустин Семен Яковлевич

    Капустин Семен Яковлевич

    1828-1891

    Орыс экономисі және публицисі. Шоқанның жақын досы.

  • Курбангали Халиди

    Курбангали Халиди

    1846-1913

    Ресей-татар тарихшысы, өлкетанушы һәм этнограф. Имам. Аягөз қаласының тумасы

  • Мелиоранский Платон Михайлович

    Мелиоранский Платон Михайлович

    1868-1906

    Орыс түркітанушы-шығыстанушысы. Түркі тілдерінің тарихын, ежелгі түркі жазулары қалдырылған ескерткіштерді, сондай-ақ, орыс тіліндегі түркі сөздерін зерттеген.

  • Мушкетов Иван Васильевич

    Мушкетов Иван Васильевич

    1850-1902

    Орыс ғалымы, геолог әрі географы, Петербург техникалық университетінің профессоры, атақты саяхатшы, Орыс императорлық география қоғамының мүшесі.

  • Наумов Николай Иванович

    Наумов Николай Иванович

    1838-1901

    Орыс жазушысы. Г.Потанин және Н.Ядринцевпен жақын болған.

  • Русский вестник

    Небольсин Павел Иванович

    1817-1893

    Орыс этнографы, тәрихшы және экономисі. Орыс императорлық география қоғамы этнография бөлімшесінің мүшесі (1848 жылдан).

  • Обручев Владимир Афанасьевич

    Обручев Владимир Афанасьевич

    1863-1956

    Орыс және кеңес геологы, географ, саяхатшы, жазушы һәм ғылымды насихаттаушы.

  • Остен-Сакен Федор Романович

    Остен-Сакен Федор Романович

    1832-1916

    Барон. Ресейлік саяхатшы, ғалым және мемлекет қайраткері.

  • Плотников Лев Николаевич

    Плотников Лев Николаевич

    1863-1956

    Орыс шенеунігі. Орынбор ведомствосында қазақтардың приставы қызметін атқарған.

  • Потанин Григорий Николаевич

    Потанин Григорий Николаевич

    1835-1920

    Орыстың атақты географы, этнограф, фольклоршысы, ботанигі, публицисі және қоғам қайраткері. Орыс императорлық география қоғамының толық мүшесі.

  • Пыпин Александр Николаевич

    Пыпин Александр Николаевич

    1833-1904

    Орыс әдебиеттанушысы, этнографы, Петербург Ғылым академиясының академигі (1898), Ғылым академиясының вице-президенті (1904), Н.Чернышевскийдің немере інісі.

  • Свентицкая Мария Хрисанфовна

    Свентицкая Мария Хрисанфовна

    1855-1932

    Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім берумен айналысқан. Әдістемелік әдебиеттер мен балаларға арналған кітаптардың, белгілі адамдар туралы естеліктердің авторы.

  • Семенов-Тян-Шанский Петр Петрович

    Семенов-Тян-Шанский Петр Петрович

    1827-1914

    Орыстың аса көрнекті географы, ботанигі, санақшысы, экономист һәм қоғам қайраткері. Орыс императорлық география қоғамы төрағасының орынбасары.

  • Шоқан Уәлиханов еңбектерінің ағылшын тілінде басылып шығуы

    1865

    1865 жылы ағылшын Джон және Роберт Мичелдер орыс саяхатшылары туралы кітап шығарды. Арасында Ш.Уәлиханов та бар…

  • Эмиль Жонво (Louis Henri Félix Emile Jonveaux)

    Эмиль Жонво (Louis Henri Félix Emile Jonveaux)

    1819-1871

    Француз публицисі және саяхатшысы. Әлемдік саясат пен ғылымдағы өзекті тақырыптарды жария түрде қозғап отырған.

  • Ядринцев Николай Михайлович

    Ядринцев Николай Михайлович

    1842-1894

    Ресейлік публицист, жазушы һәм қоғам қайраткері. Сібір мен Орталық Азияны зерттеуші.

УСЛОВНЫЕ ОБОЗНАЧЕНИЯ

В квадратных скобках [ ] заключены заголовки, слова и части слов, которые отсутствуют в оригинальных рукописях Шокана Уалиханова и добавлены исследователями его трудов для удобства читателей.

В угловых скобках < > заключены слова и фразы, чтение которых предположительно из-за неразборчивости почерка Шокана Уалиханова или повреждения оригинальных рукописей.

Троеточием … обозначены части текста, пропущенные самим Шоканом Уалихановым или отсутствующие, по причине повреждения рукописей или утере их частей.

САЙТ ДЕРЕККӨЗІ
  • ҚР БҒМ «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы

  • ҚР Орталық мемлекеттік музейі

  • ҚР Ұлттық кітапханасы

  • Бүкілресейлік «Ресей географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымы

  • Ресей Ғылым Академиясы архивінің Санкт-Петербор бөлімшесі

  • Ресей Ғылым Академиясы Шығыс қолжазбалар институты

  • Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы»

КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН:

  • Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық музейіне

  • Сырымбеттегі Ш.Уәлиханов атындағы тарихи-этнография музейіне

  • Омбы қаласындағы «Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір орталығына

АЙРЫҚША АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ

Жобаның ғылыми кеңесшілері:

  • Мақпал МУСИНА

  • Жарас ЕРМЕКБАЙ

  • Самат ӨТЕНИЯЗОВ

Жобаны Kaspi.kz қолдауымен «strANA media team» Студиясы және «Спорттық-музыкалық қозғалыс» ҚҚ жүзеге асырды.

Бұл ресурс тек танымдық және білім беру мақсатымен құрылды. Аталған ресурстағы барлық фотосуреттер мен видеоматериалдар коммерциялық табыс көздемейді.

Авторлық құқықтың бұзылуына қатысты күмән туындағағн жағдайда мына эл. пошта арқылы xабарласуыңызды сұраймыз.

info@stranamediateam.kz