Шоқан Уәлиханов: Эмиль Жонво (Louis Henri Félix Emile Jonveaux)

(1819-1871)

…Орыс офицері Уәлиханов еңбектерінің арқасында тарих үшін, саяси жағдайды түсіндіру үшін аса құнды деректерді иеленіп отырмыз…

Эмиль Жонво

Француз публицисі және саяхатшысы. Әлемдік саясат пен ғылымдағы өзекті тақырыптарды жария түрде қозғап отырған. Оның Африка мен Америкадағы тіршілік туралы шығармалары XIX ғасырдың екінші жартысында кеңінен қолданылды. Жонвоның еңбектері Ресейде де басылып шыққан.

Джон және Роберт Мичелдер Шоқан Уәлихановтың саяхаты туралы жазбаны ағылшын тілінде жариялағанан кейін Парижде Эмиль Жонвоның мақаласы жарияланды. Онда автор Шоқанның батылды мен қажыр-қайратына қайран қалып, Шығыс Түркістаннан «орыс офицері» әкелген деректерді құнды деп санаған. 1867 жылы «Орал әскері хабаршысында» сол мақаладан үзінді жарияланды.

 

Материалдар: