Шоқан Уәлиханов: Капустин Семен Яковлевич

(1828-1891)

…Шоқан Уәлиханов сыпайылығы арқылы өзін бауырым деп есептеуге мәжбүр етеді. Тіпті бұрыннан бір ортада жүрген басқа орыстан,бала күездегі және оқу орнындағы досыңнан да жақын. Оның мінез-құлқынан өзіңе тән қырларын көресің…

С. Я. Капустин

Орыс экономисі һәм публицисі.

Қызметін Омбыдағы Батыс Сібір Бас басқармасында бастаған. Капустин 1852 жылдың желтоқсанында алқа хатшысы болды. Ал 1853 жылдың 3 ақпанында Батыс Сібір Бас басқармасының ІІ бөлімшесіндегі бөлім бастығының көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Астыртын революциялық «Жер және ерік» ұйымына мүше болған. Капустин 1869 жылдан 1883 жылға дейін «Үкімет хабаршысының» бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Оның публицистикалық жұмысы негізінен халық тұрмысындағы экономикалық мәселелерге арналды.

Шоқан Уәлихановтың жақын досы. Қазақ жігіті Капустиндер отбасымен Омбы кадет корпусында оқып жүргенде танысып, олардың үйінде жиі қонақ болған.

 

Материалдар: