“Shoqan Yalihanov” деректі фильмі

Санқырлы Шоқан туралы фильм

Бұл Шоқан туралы ғұмырнамалық фильм ғана емес, қарапайым адамның дүниетанымымен қазақтың танымал зерттеушісі, саяхатшы әрі этнографтың өміріндегі маңызды оқиғалардың болмысына үңілуге талпыныс. Қандай да бір шешім қабылдағанда Шоқан нені басшылыққа алды? Көздеген мақсатына жетерде оған не көмектесті немесе кедергі туғызған нендей жәйттер?

Шоқанның өмірі тарихшылар мен жазушылар үшін әлі күнге дейін зор қызығушылық туғызуда. Орыс армиясында қызмет еткен офицер болса да, қазақтың даңқты хандарының ұрпағы екенін ұмытқан емес. Сол хандардың бірі, оның атасы – Уәлихан. Шоқан қазақтың қайсар әрі дана ұлдарының бірі болып қала береді.

Шыққан жылы: 2018

Режиссер: Толеген Байтукенов

Сценарий авторы: Толеген Байтукенов, Даурен Меркеев

Шығарушы: Strana Media Team