Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Чолпон Тұрдалиева. «Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі қырғыздар»

Чолпон Тұрдалиева. «Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі қырғыздар»

Автор: Чолпон Жапарбекқызы Тұрдалиева

Басылып шыққан жылы: 2015

Баспа: «Улуу Тоолор» (Бішкек)

Кітапта қазақтың ұлы ғалымы, ойшылы, ХІХ ғасырдың саяхатшысы һәм ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан қырғыздардың тарихы мен мәдениеті сөз болады.Ш. Уәлиханов 1855-1865 жылдары қазіргі Қырғызстан аумағына бірнеше мәрте келген. Өз саяхатының нәтижесінде ол осы жерде мекендеген қырғыз халқының саяси, қоғамдық-экономикалық, мәдени дүниетанымы туралы құнды деректерді зерттеп, бір жүйеге келтірді.

Автор өз кітабында Шоқан Уәлиханов еңбектерінің әлемдік гуманитарлық ғылымды жемісті дамытудағы баға жетпес қайнар көз екендігін барынша дәлелдеуге тырысқан.