Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – С. Зиманов, А. Атышев. «Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарасы»

С. Зиманов, А. Атышев. «Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарасы»

Автор: Салық Зиманұлы Зиманов, Арыстанбек Атышұлы Атышев

Басылып шыққан жылы: 1965

Баспа: «Ғылым» (Алматы)

Зерттеу Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарасы мен оның Петербордағы жастардың революциялық және демократиялық үйірмелерімен, «Сібір патриоттарымен» байланысын, ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы шаруа мәселесі және Ресейдің шеткі аймақтарындағы патшалық саясатқа көзқарасын қамтиды.

Сондай-ақ қазақ ғалымының қоғамдық-саяси ойлары мен қызметін сипаттайтын өзге де мәселелер баяндалады.

Кітап Қазақ КСР Ғылым академиясының философия және құқық институтында бірнеше жылға созылған зерттеу жұмыстарын қорытындылайды. Жалпы оқырманға арналған.