Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – И. И. Стрелкова. «Уәлиханов»

И. И. Стрелкова. «Уәлиханов»

Автор: Стрелкова Ирина Ивановна

Басылып шыққан жылы: 1983

Баспа: «Молодая гвардия» (Мәскеу)

И. Стрелкованың кітабы «Ғажап жандар ғұмыры» топтамасы шеңберінде шықты.

Сауда керуенімен Шоқан Уәлиханов сол кезде орыс және Еуропа мәдениеті үшін жұмбақ болған Қашғарға аттанды. Сапар барысында жиған-терген деректері орыс әскерінің жас поручигін атағы жер жарған географтардың қатарына қосты. География, тарих, этнография, экономика саласындағы еңбектеріне қоса, Шоқан қазақ фольклорын, қырғыздың «Манас» эпосын жазып алды.

Кітап көркем әдебиет стилінде жазылған.