Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ КСР тарихы»

«Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ КСР тарихы». 1943 жылғы басылым

Автор: Ұжымдық еңбек. М.Әбдіхалықова мен А. Панкратованың редакциялауымен.

Басылып шыққан жылы: 1943

Баспа: ҚазБМБ (Алматы)

«Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ КСР тарихы» – КСРО-да тұңғыш рет іске асқан қазақ халқының академиялық тарихын баяндаудың тәжірибесі. Бұл еңбекті жазуға Ұлы Отан соғысы жылдары бір топ кеңестік ғалымдар мен жазушылар атсалысты. 1943 жылы баспадан шықты.

«Кітапта Кенесары ханды тым асқақтатып жіберген» деген сыннан кейін, 1949 жылы И.Омарова мен А. Панкратованың редакциялығымен «Қазақ КСР тарихы» (түзетілген және толықтырылған) деген атпен қайта жарық көрді.

Кеңес Одағында алғаш рет кітаптағы бір бөлім Шоқан Уәлихановқа арналды.