Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Н. П. Ивлев. «Өмірбаянға жан бітеді. Өлкетанушының жазбалары»

Н. П. Ивлев. «Өмірбаянға жан бітеді. Өлкетанушының жазбалары»

Автор: Ивлев Николай Петрович

Басылып шыққан жылы: 1983

Баспа: «Қазақстан» (Алматы)

Профессор Николай Петрович Ивлев – белгілі өлкетанушы, тарихшы және архивист.

Отандастарымыздың бірнеше ұрпағы И.Ивлевтің еңбектерінен сусындап, өмірінен үлгі алды. Туған өлкесі мен оның тарихына үңіліп, ел дамуына қомақты үлес қосқан жандарды зерттеу Николай Ивлевтің өмірлік мақсатына айналды.

Азғантай өмірінің біраз бөлігін Жетісу өңірін зерттеуге арнаған Шоқан Уәлихановтың бейнесі Н.Ивлевтің «Өмірбаянға жан бітеді. Өлкетанушының жазбасынан» атты еңбегінде толық ашылған.