Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – К. Хасанов. «Шоқан Уәлиханов ұйғыртанушы ретінде»

К. Хасанов. «Шоқан Уәлиханов ұйғыртанушы ретінде»

Автор: Қадыр Хасанов

Басылып шыққан жылы: 1965

Баспа: «Қазақ КСР Ғылым академиясының жаңалықтары» (Алматы)

Қадыр Хасанов – ұйғыр әдебиетінің классигі. Қазақстан Жазушылар одағы коллегиясының мүшесі. ХХ ғасырдың ақыны, драматургі. Ұлт мәдениетін насихаттау ісіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Өлең жинақтары, пьесалары жарық көрген. Сондай-ақ қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеп, ғылыми еңбектер жазған.

Қадыр Хасанов «Шоқан Уәлиханов ұйғыртанушы ретінде» еңбегінде ұйғыр халқының тарихи және мәдени мұрасын зерттеу ісіне Ш. Уәлихановтың қосқан үлесіне егжей-тегжейлі тоқталады.