Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Х. Айдарова. «Шоқан Уәлиханов»
Х. Айдарова. «Шоқан Уәлиханов»
Автор: Хадиша Ғалымқызы Айдарова
Басылып шыққан жылы: 1945
Баспа: ҚазБМБ (Алматы)
Х. Айдарованың монографиясы – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын арнайы зерттеген Кеңес Одағындағы тұңғыш еңбек. Оның мінез-құлқы, әлеуметтік-саяси және мәдени көзқарасы сол кездегі идеологияға сәйкес сипатталған.
Автор Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін кезең-кезеңге бөліп суреттейді. Монографияда қазақ жұрты арасынан осындай ірі ағартушының шығуы елдің қоғамдық-экономикалық құрылымындағы бетбұрыспен байланыстырылады. Қазақ қоғамы, сондай-ақ Ресейдегі саяси және әкімшілік өзгерістердің ықпалына тоқталады.
Кітапта кіріспе мен қорытынды бөлімнен басқа, сегіз тарау бар: «Тұлғаның қалыптасуы», «Ғылыми қызметінің басталуы», «Қашқарға экспедиция», «Петерборға сапар», «Ауылдағы тіршілік», «Соңғы жылдар», «Ш. Уәлихановтың дүниеге көзқарасы», «Уәлиханов ғалым ретінде».