Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – С. И. Бегалин. «Шоқан Уәлиханов»

С. И. Бегалин. «Шоқан Уәлиханов»

Автор: Сапарғали Ысқақұлы Бегалин

Басылып шыққан жылы: 1976

Баспа: «Детская литература» (Мәскеу)

Шоқан Уәлиханов туралы повесть жазу үшін Сапарғали Бегалин ұзақ еңбектенді. Шоқан өмір сүрген дәуірді, жазған еңбектерін зерттеді. Қазақ халқының тарихы мен тұрмыстық салт-дәстүрін жақсы білетіні де пайдаға асты.

Кітап ең алдымен жас оқырманға арналды. Олар үшін Шоқан Уәлихановтың қысқа болса да, шытырман оқиғаға толы ғұмыры үлгі болатыны сөзсіз.