Шоқанның шарапаты – рефераттан диссертацияға дейін

Біздің сайтымызда Шоқан Уәлихановтың авторлығы бүгінге дейін дәлелденген барлық белгілі еңбектері бар. Мақалалар, баяндамалар, күнделіктер мен хаттары. Шоқан мұрасы тараулар бойынша топтастырылған. Көп уақыт жұмсамай-ақ, кез келген еңбегі оңай табылады. Бұл өз білімін жетілдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сан қилы тақырып пен үлгі бойынша әркімнің төл жобасын дайындауға септігін тигізеді.

Оқушылар мен студенттерге реферат дайындауға тапсырма беріп жатады. Егер реферат тақырыбы тікелей немесе жанама түрде Шоқан Уәлихановқа қатысты болса, онда кітапханаға барудың немесе интернеттегі мыңдаған бетті ақтарудың қажеті жоқ деп біліңіз.

Шоқанның асқақ тұлғасы оның еңбектерінен ғана байқалады деу жаңсақ. Уәлихановтың замандастары және оның қызметін кейінгі кезеңде зерттеушілер ғалымның өмірбаяны мен мұрасы жайында көптеген құнды дүниелер жазды. Қызықты да мазмұнды еңбектерді осы сайттан табуға болады. Сол деректер бойынша жазылған рефератты кез келген ұстаз бағалары сөзсіз.

Егер сіздің рефератыңыз нақты бір тақырыпқа арналса, Шоқан Уәлиханов шығармаларынан түрлі мәселелер төңірегінде пайымдауларды таба аласыз. Өйткені бұған дейін атап өткендей, Шоқан жан-жақты ғалым еді. Философия, фольклортану, тарих, мәдениеттану. Осының бәрі Шоқан еңбектерінде кездеседі. Ғалымның зерттеуіне сілтеме жасау жұмыстың құндылығын арттыра түседі.  

Кез келген көлемде реферат, семестр және курс жұмыстарын Шоқан Уәлихановқа арналған бір ғана біздің сайтымыздағы материалдарды пайдаланып дайындауға болады. Тіпті оқуды тәмамдап, ғылыми дәреже алуға талпынып жүрсеңіз де біздің сайт көмекке келеді.  Барлық материалдар қолыңызда болса, кезінде Шоқан ой түйген мәселелер бойынша диссертация жазу оңайға түседі.