Шоқанның суреттері

Шоқан мен оның мұрасы жайында сөз қозғалса, әдетте оның жазбаша еңбектері алдымен ауызға алынады. Өзінің әсері мен ой толғамы көрініс тапқан жазбалар. Әйтсе де, сегіз қырлы Шоқан әдебиетте ғана емес, бейнелеу өнерінде де теңдессіз еді. Оның жазбаларында қатар кездесетін суреттерге қоса, сөзбен жеткізе алмаған кей әсерін ол суретпен жеткізе білді. Осы суреттерді де біздің сайттан таба аласыз.

Дегенмен осының бәрі тек реферат немесе ғылыми жұмыс жазатындарға пайдалы деуге келмейді. Кейде жай мәтіндік құжат емес, кеңейтілген форматтағы  тұсаукесер дайындауға тура келеді. Ұстаздың алдынан ғана өтетін рефератқа қарағанда, тұсаукесер тұтас бір аудиторияны қызықтыруы мүмкін. Егер сіз Шоқан Уәлиханов мұрасын жай ғана зерттеп қоймай, ол жайында басқалармен бөліскіңіз келсе, графикалық шешім мен техникалық құралдарды пайдаланып дайындаған тұсаукесер көңілден шығары анық. Бұған қажеттінің бәрі – біздің сайтымызда.

Сіз өз тұсаукесеріңізге мәтіндік материалдармен қатар, ғалымның сканерден өткізілген қолжазбаларын, қолмен салынған суреттерін де қамтитын иллюстрацияларды, сондай-ақ түрлі кезеңдегі портреттері мен фотосуреттерін пайдалана аласыз. Шоқан көптеген жерлерде болған. Біздің сайтымыз оның өміріндегі әрбір кезеңді жан-жақты қамтиды.

Ендеше, өз туындыңызды жасап шығару үшін сізге осы материалдарды пайдалануға әбден болады!