Шоқан Уәлиханов: Мушкетов Иван Васильевич
(1850-1902)
…Уәлиханов саяхаттарының нәтижелерін толық жарыққа шығаруға үлгермеді. Ол бірнеше мақаласын ғана жариялаған. Бұлардың ғылыми маңыздылығы жоғары және олар автордың өте білімді және айрықша байқампаз екенін көрсетеді.
Орыс ғалымы, геолог әрі географы, Петербург техникалық университетінің профессоры, атақты саяхатшы, Орыс императорлық география қоғамының мүшесі. Орта Азияны зерттеумен айналысты. Жайық өңірінде, Кавказ аймағында, сонымен қатар, Шығыс Сібірдегі Байкал төңірегі темір жолының (Транссібір магистралы) учаскесінде геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген.
1886 жылы шыққан «Түркістан. 1874 жылдан 1881 жылға дейінге саяхаттарда жиналған мәліметтер бойынша геологиялық және орографиялық сипаттамасы» атты кітапта И.Мушкетов Шоқанның Қашқарияға саяхаты кезінде жинаған геологияға қатысты деректерін ерекше атап өтіп, Уәлиханов әкелген геологиялық коллекцияның жоғалып кеткеніне өкініш білдіреді.
Материалдар: