Шоқан Уәлиханов: Ибрагимов Шахмардан Мирасович
(1840-1891)
Шоқан кеш бойы қырғыздың әндері мен әңгімелерін тыңдап ұзақ отыратын. Ұйқыдан кеш тұрады. Шәй емес, қымыз ішеді. Қой етін тұздықпен, жылқының сүр етін жейді.
Шоқан Уәлихановтың досы әрі жерлесі (Көкшетау дуанының тумасы). Сонымен қатар, Омбы кадет корпусының тәрбиеленушісі. Ұлты башқұрт. Көкшетау дуаны кеңсесінде сұлтанның іс жүргізушісі һәм хатшысы қызметін атқарған. Кейін Сібір қырғыздарының облыстық басқармасында аудармашы болып істейді. Ташкент алынған соң (1865) Түркістан облысына қызметке ауысып, генерал-губернатор Константин Кауфманның жеке адъютанты болған. Жиддада (Сауд Арабиясы) Ресей консулы қызметінде жүріп, тырысқақпен ауырып өлді. Ибрагимов – қазақ пен түрікменнің тарихы мен этнографиясы туралы көптеген еңбектердің авторы.
Ибрагимовтың аты-жөні – Шахмардан Мирасұлы. Алайда 1904 жылы Н.Веселовскийдің редакциялауымен шыққан «Ш.Ш.Уәлиханов шығармаларындағы» «Шоқан туралы естелігіннде» «И.И. Ибрагимов» деп жазылған. Бұл қате болуы мүмкін. Дегенмен, ол Уәлиханов еңбектерінің бір жинағынан екіншісіне осылай көшіріліп отырған.
Материалдар: