Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
Автор: Сәбит Мұқанұлы Мұқанов
Басылып шыққан жылы: 1973
Баспа: «Жазушы» (Алматы)
Қаламы қарымды қаламгер Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған эпопея.
Көп қырлы туындыда Шоқанның жарқын бейнесі ғана емес, сол замандағы қоғамдық-саяси ахуал, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрі жан-жақты баяндалады. Романның бірінші кітабы Шоқанның балалық және жасөспірім шағына арналып, Омбыдағы кадет корпусындағы оқуымен аяқталады.
Екінші кітапта Ш.Уәлихановтың идеялық көзқарасы мен сенімінің қалыптасуы баяндалады. Омбыдағы кадет корпусын тәмамдаған соң жас ғалым өзінің қысқа ғұмырындағы маңызды іске – Азияның аз зерттелген аудандарына сапарға шығуға дайындалады. Әу баста бұл еңбек трилогия болады деп жоспарланды. Өкінішке қарай, Сәбит Мұқанов аяқтап үлгермеді. Бірінші кітап жазушы көз жұмған 1973 жылы жарық көрді. Ал екінші кітап 1984 жылы басылып шықты.