Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Сәбит Мұқанов. «Шоқан Уәлиханов («Ариадна жібі»)

Сәбит Мұқанов. «Шоқан Уәлиханов («Ариадна жібі». Төрт актілі, алты картиналы, эпилогы бар тарихи трагедия)

Автор: Сәбит Мұқанов

Басылып шыққан жылы: 1945

Баспа: «Искусство» (Мәскеу-Ленинград)

Сәбит Мұқанов «Ариадна жібі» тарихи драмасына 1943 жылдың көктемінде кірісті. Бір жыл өткенде соңғы нүктесін қойды.

Жазушы Шоқанның бүкіл ғұмырын тәптіштеп жазуды мақсат тұтпады. Маңызды деген кейбір кезеңдеріне ғана тоқталды. Бастапқыда пьеса қазақ тілінде жазылды. 1945 жылы «Искусство» баспасы В.Шкваловскийдің аудармасымен орыс тіліндегі нұсқасын басып шығарды.

Орыс сахнасының айырмашылығын ескеріп, аударма кезінде автор қазақша түпнұсқасынан аздап ауытқуды жөн көрді. Сахнада пьесаның бұл үлгісі қойылған жоқ. 1955 жылы Сәбит Мұқанов оны қайта жазып шықты. Атауын «Шоқан Уәлиханов» деп өзгертті. Пьеса еліміздің көптеген театрларында қойылды.