Шоқан Уәлиханов: Березин Илья Николаевич
(1818-1896)
Ең алдымен ұйғырлардың сөйлеу ерекшеліктеріне назар аударып, Уәлиханов бастаған ізденістерді жалғастыру керек…
Ресейлік шығыстанушы (түркітанушы, ирантанушы, монғолтанушы), Петербург университеті түрік-татар әдебиеті кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, құпия кеңесші.
Мынадай еңбектердің авторы: «Үшжылдық Шығыс саяхатына шолу», «Système des dialectes turcs» (мұнда көне түркі тілдері жіктелген), «Шығыс тарихшыларының кітапханасы», «Түрік хрестоматиясы», «Шейбани-наме» (мәтінін басып шығарған), орыс тілі сөздігінде кездесетін шығыс элементтерін түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ, «жарлыққа» қатысты еңбектері. Березин XIX ғ-ң 40-шы, 50-ші ж-ж осы жұмыстары арқылы Еуропадағы көрнекті түркітанушылардың біріне айналды.
Шоқан Уәлиханов И.Березиннің еңбектерін кадет болып жүрген кезінде-ақ оқып, оларға рецензия жазған. Олар 1852 жылы жеке танысады. Сосын Березиннің өтініші бойынша оның «Хан жарлықтары» кітабына Шоқан мақала жазады. Бұл жас ғалымның алғашқы ғылыми еңбегі еді.
Материалдар: