Атауы: «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясы

Шыққан жылы: 2015

Режиссер: Дина Уашева

Сценарий авторы: Владимир Прокопенко

Шығарушы: Alash Media Group Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қолдауымен

Фильм туралы: Қашқар – Азиядағы ең көне шаһардың бірі. ХІХ ғасырда сырттан ешкімді кіргізбейтін. Зерттеушілердің ешқайсысы да ол жерден аман шыққан емес.

«Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» ғылыми-танымдық экспедицициясы қазақтың ұлы ғалымының туғанына 180 жыл толуына орайластырылды. Әлемдік география қоғамындағы ең ерекше оқиға – Шоқанның Қашғарға Әлімбай көпес кейпінде барған сапарына арналды.

«Қазақ ұлттық географиялық қоғамының» географтары, биологтары және тілтанушылары 6 мың шақырымға созылған бағыт бойынша Қазақстан, ҚХР және Қырғызстан аумағы арқылы жүріп өтті.