Атауы: Қатерге бас тігу: Қашқар одиссеясы
Шыққан жылы: 2015
Режиссер: Олег Белов, Виталий Дворецкий
Сценарий авторы: Олег Белов
Шығарушы: «HDV.kz» студиясы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен
Фильм туралы: Сауда керуенімен Тянь-Шань тауынан асып, биіктігі 7000 метрден асатын таулармен қоршалған, әлі ешкім тірі қайтпаған өлкеге барып қайту, тым күрделі геосаяси түйінді шешу. Осының бәрін Шоқан Уәлиханов 20 жастан сәл асқан шағында іске асырды. Оның Қашқарға саяхаты ХІХ ғасырда таңдай қақтырған географиялық оқиғаға айналды.
Шоқанның биік асулардан өткен жолын Алматы облысы әкімдігінің Уәлиханов экспедициясы қайта жүріп өтті. Оған Мәулен Есімханов жетекшілік етті.