Атауы: Шоқан Уәлиханов
Шыққан жылы: 1957
Режиссер: Мәжит Бегалин
Сценарий авторлары: Сергей Ермолинский, Михаил Блейман
Шығарушы: Алма-Атинская киностудия художественных и хроникальных фильмов / Ленфильм
Рөлдерде: Нұрмұхан Жантөрин (Шоқан Уәлиханов), Константин Адашевский (Уэстерби), Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Юрий Боголюбов, Геннадий Карнович-Валуа (Чернышевский), Геннадий Мичурин, Шәмші Түменбаев, Елубай Өмірзақов, Петр Чернов, Владимир Честноков (Достоевский), Михаил Погоржельский (II Александр), Павел Панков, Олег Лебедев (II) (Семенов-Тянь-Шаньский), Ш. Ахметова, Георгий Милляр, Кирилл Лавров және басқалар.
Фильм туралы: ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы кинофильм.
Қазақтың арда ұлы, ғалым-этнограф және әйгілі саяхатшы Шоқан Уәлихановқа Петербор ғалымдарының назары ауады. Оны ресми ортада мойындайды. Алайда ғалымның өз жетістігіне көңілі толмайды. Ол туған халқының тағдырына алаң. Фильмде заманынан озық туған осы бір жанның өміріндегі ең драмалық эпизодтар: көпес кейпінде Қашқарға барғаны, Ресей географиялық қоғамындағы қызметі, қазақ даласында патша билігі жүргізген саясатқа қарсы тұрғаны қамтылған.