Шоқан Уәлиханов: Гейнс Александр Константинович
(1834-1892)
Сібір әкімшілігі өздерін айналып өтіп, Петербургте Шоқанды патша ағзамға таныстырып, басынан сипатқандарға ренжіп қалады. Содан басталған қорлау мен тиісулер қазақ ғалымын көрге тығумен аяқталды.
Орыс императорлық әскерінің генерал-лейтенанты, этнограф.
1865-1866 жылдары қазақ даласында шаруашылық жүргізілу барысын және қазақтардың қарапайым құқығын зерттеген. «Қырғыз очерктері» еңбегінде Ресей империясының станицаларды, Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал және басқа қалалар мен қамалдарды салғаны туралы мәліметтерді келтіреді. Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма өзендері бойындағы бекініс желілері туралы; Жетісудағы қазақ-орыс қарым-қатынасы туралы; Аблайкет будда ғибадатханасының қирандылары жатқан жер туралы, қалмақтардың Лепсі өзені маңындағы молалары туралы маңызды деректер келтіреді.
Александр Гейнс күнделігінде Шоқанның өмірбаянына қатысты бірегей мәліметтер жазып қалдырған.
Материалдар: