Шоқан Уәлиханов: Георг Адольф Ерман (Georg Adolph Erman)
(1806-1877)
Қазақ сұлтанынның баласы Уәлиханов мырза сол елдің диалектілерінде еркін сөйлейді. Ол – сормаңдай Шлагинвейттен кейін бұл топыраққа аяқ басқан жалғыз еуропалық. Уәлиханов Қашқарға Шлагинвейттің өлімінен соң бірнеше ай өткенде барды.
Неміс саяхатшысы һәм физигі. Г.Эрман 1828 жылдан 1830 жылға дейін Солтүстік Азия, Тынық және Атлант мұхиттары арқылы жер шарын айнала саяхат жасаған. Осы саяхаттың бір бөлігі Ресей аумағынан өтеді.
1841 жылдан 1866 жылға дейін Берлинде Archiv für wissenschaftliche Kunde von Rußland («Ресейдің ғылыми хабарлар мұрағаты») журналын шығарды. 1860 жылы осы журналдың 19-томында Шоқанның Қашқарияға сапары туралы жазба жарияланды.
Материалдар: