Шоқан Уәлиханов: Достоевский Андрей Андреевич
(1863-1933)
…Ш.Ш.Уәлиханов сол кезде генерал-губернатордың көз алдында қалыптасқан офицерлердің бірегейі еді. Кейін қырғыз ұлттық киімін кигізіп, Қашқарға жіберілді. Өзінің қарым-қабілеті мен дарынының арқасында Ресей үшін құнды мәліметтерді жинай алатын…
Ресейдің географ-ғалымы. Ф.Достоевскийдің інісінің баласы. Толық статтық кеңесші. Статистикалық есеп үлгісін, халықты санына қатысты материалдарды, алғашқы Бүкілресейлік халық санағын өткізу жөніндегі нұсқаулықтарды дайындаумен айналысқан. Көшпенділердің санын білу үшін Түркістанға іссапарға жіберіледі. 1893 жылдан бастап Орыс география қоғамына мүше болды П.Семенов-Тян-Шанскийдің «Орыс география қоғамының 1845-1896 жылдардағы жарты ғасырлық жұмысының тарихы» еңбегін басып шығару ісіне қатысқан. Онда Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға саяхатының маңызы туралы тарау жарияланған.
Материалдар: