Шоқан Уәлиханов: Әдебиет – Ш. К. Сәтбаева. «Шоқан Уәлиханов және орыс әдебиеті»

Ш. К. Сәтбаева. «Шоқан Уәлиханов және орыс әдебиеті». (Монография)

Автор: Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаева

Басылып шыққан жылы: 1987

Баспа: «Жазушы» (Алматы)

Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой тарихында тұңғыш қазақ ғалымы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың {1835-1865) алатын орны айрықша. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ және орыс халқының арасындағы достықты нығайтуға, қазақ даласында ағартушылық идеялардың таралуына ықпал етті. Ш.Уәлихановтың орыс, сондай-ақ батысеуропалық мәдениет және әдебиетпен байланысына Қаз КСР ҒА корреспондент мүшесі Ш.Сәтбаеваның еңбегі арналды.