Шоқан Уәлиханов: Веселовский Николай Иванович

(1848-1918)

Қазақ хандарының ұрпағы, сонымен қатар, орыс әскерінің офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды.

Н. И. Веселовский

Орыстың аса көрнекті археологы, шығыстанушы, Орта Азияның тарихы мен археологиясын зерттеуші. Самарқанда қазба жұмыстарын жүргізді. Ежелгі Қара теңіз аймағы мен скифтерді зерттеді. Петербург университетінің профессоры (1890), Санкт-Петербург Императорлық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1914).

Шығыстанудың майын ішкен Н.Веселовскийдің Шоқанның зерттеу еңбектеріне назар аудармауы мүмкін емес-тін. Олардан Николай Ивановичтің мол әсер алғаны соншалық, ол Григорий Потанин қолға алған Уәлихановтың барлық жұмыстарын (арасында жарияланбаған мақалалары, өңделмеген жазбалары мен күнделіктері бар) жинап, жарыққа шығару ісіне қосыла кетті. Сөйтіп, 1904 жылы Н.Веселовскийдің редакциялауымен «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шығармалары» («Орыс императорлық география қоғамының жазбалары. XXIX том») басылып шықты.

 

Материалдар: