ҚАШҚАРИЯ

Шоқан Уәлихановтың кезінде күллі Қашқарияда Қытайға қарсы бас көтерулер болып жатты. Бұл осы өлкеге саяхат жасайтындар үшін қауіпті еді. Сондықтан Шоқан туралы өтірік аңыз ойлап табылды. Ол керуенбасы Мұсабайдың туысы Әлімбаймын деп, соның сауда керуенімен бірге Қашқарға өтіп кетуі керек. Шоқан шашын тақырлап алдырып, қазақша киініп алып, 1858 жылдың 28 маусымында жолға шықты.

Ол 27 қыркүйекте Қытай шекарасын кесіп өтті. Шоқан Қашқарда әр елден келген көпестермен танысып, жергілікті шенеуніктермен әңгімелеседі.

Шығыс Түркістандағы Алтышар деп аталған өңірдің өткені мен тура сол кезеңі туралы мәліметтерді жинайды.

1859 жылдың басында Қашқардағы жағдай шиеленісе түсті. Шоқанның әшкере болар күні жақындағандай еді. Сондықтан ол 11 наурызда керуенмен бірге кері қарай жолға шықты.

1859 жылдың 12 сәуірінде Шоқанның керуені Верный бекінісіне жетті. Ол мұнда бір жарым ай демалып, сосын Семейге барады. Онда Федор Достоевскиймен кездесіп, одан кейін Омбыға кетеді. Ғалым Омбыда материалдарын саралап, саяхаты туралы есебін дайындаған.