Атауы: Омбыдан Қашқарға дейін. Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жолдар

Шыққан жылы: 2014

Сценарий авторы: Н. Тележинская

Фильм туралы: Кез келген халықтың тарихында ғылыми және қоғамдық ойға қомақты үлес қосқан ұлы тұлғалар бар. Қазақстан тарихындағы сондай жарқын тұлғаның бірі - Шоқан Уәлиханов. Жарық дүниеден тым жас кетсе де, ол көп іс тындырып үлгерді. Қазір де, екі ғасырдай уақыт өткенде, оның өмірі мен өліміне қатысты пікіріталас толастар емес. Фильм-әңгіме Шоқанның қалай өмір сүргенін, кім болғанын, өте қысқа мерзімде есімін тарихқа өшпестей жазып кеткені жайында баяндайды.