Атауы: Даланың соңғы ханзадасы

Шыққан жылы: 2006

Режиссер: Игорь Гонопольский

Сценарий авторы: Игорь Гонопольский

Шығарушы: ALD Capital Group

Фильм туралы: Шоқан Уәлиханов өз заманынан озық тұрды. Қазақтың ұлы ғалымы, географ һәм этнограф, шығыстанушы және саяхатшы, Ресей географиялық қоғамының мүшесі. Ғұмыры тым қысқа болса да, баға жетпейтін мол мұра қалдырды. Орыс мәдениетінен сусындады. Сонымен бірге қазақтың мәдениетін сақтап, дамытуға үлес қосты. Орыс әскерінің офицері бола тұра, қазақ ханының ұрпағы еді. Ұлы даланың соңғы ханзадасы...