Ядринцев Николай Михайлович

(1842-1894)

Әкесі бай сұлтан болса да, Петербордағы қызықты өмір Уәлихановқа қымбатқа түсті.

Н.М.Ядринцев

Ресейлік публицист, жазушы һәм қоғам қайраткері. Сібір мен Орталық Азияны зерттеуші. Сібірде облыс жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. Орхон өзеніндегі көне ескерткіштерді, Шыңғыс хан мемлекетінің астанасы Қарақорым мен қазіргі Монғолия аумағындағы Түркі қағанатының астанасы Ордабалықты тұңғыш рет зерттеді.

Алтайға кешенді зертте ужүргізген экспедиция жасайды. Сол үшін 1881 жылы Орыс императорлық география қоғамының алтын медалін алған.

Г.Потанинді жақсы танитын. Сол арқылы 1860 жылы Петербургте Шоқан Уәлихановпен танысады. Кейін онымен ұзақ уақыт хабарласып тұрған. Ядринцевтің «бөтен» зиялы қауымның өкілі деп есептелген Уәлихановтың тұлғасына деген қызығушылығы оның көптеген еңбектерінде анық байқалады.

Ол Шоқан туралы естеліктерінде осы бір қазақ жігітінің мінез-құлқына баса назар аударады.

Материалдар: