Врангель Александр Егорович

(1833-1915)

Уәлихановтың түр-тұлғасы тәрбиелі, ақылды және білімді адамға толық сай келеді. Ол маған өте ұнады. Достоевский де оны көргеніне қуанды. Кейіннен мен онымен Петербургте және Парижде кездестім.

А. Е. Врангель

Орыс дипломаты, камергер. 1853 жылы Император Александров лицейін тәмамдап, Әділет министрлігіне қызметке барған. Бірақ астанадағы мансабынан бас тартып, Семейге қылмыстық және азаматтық істерге қатысты шаруашылық шаруашылық істерді атқаруға кетеді. Мұнда айдауда жүрген Ф.Достоевскиймен танысқан. Оған ақшалай көмектеседі. Достоевскийге офицерлік шен беріп, Ресейге қайтуына рұқсат алу үшін әрекет жасайды.

Шоқанмен жазушы арқылы танысқан. Достоевский туралы естеліктерінде оны да атап өтеді.

Материалдар: