«Солтүстік арасы»

(1865)

Ғылыми әдебиет майданына жақын жылдары келген және содан бері жұрттың көңілінен шығып, құрметке ие болып үлгерген, Шыңғыстың жас ұрпағы, Уәли ханның немересі – Уәлиханов сұлтан…

«Солтүстік ара» газеті

Орыстың саяси және әдеби газеті. Санкт-Петербургте 1825-1864 ж-ж шығарылған. 1820 ж-ж аяғынан 1850 ж-ж ортасына дейін Император кеңсесі III бөлімшесінің жасырын органы болды. Фаддей Булгарин негізін қалаған.

«Орта дәулетті» топқа жататын (әскери қызметтегі дворяндар, ауыл-аймақтағы помещиктер, шенеуніктер, көпестер, ұсақ саудагерлер және тағы басқалар) оқырмандарға арналған. Бұл газет сол кездегі үлкен таралыммен, яғни 10 данаға дейін шығарылып отырған.

«Солтүстік арасы» газетінде Шоқан Уәлихановтың өз мақалаларымен (әдетте жіті редакцияланған және қысқартылған) қатар оның жұмысы туралы да жазбалар (көбінің авторы көрсетілмеген) тұрақты шығып тұрды. Мысалы, 1861 жылы «Солтүстік арасында» «Жоңғария очерктерінен» үзінді жарияланды. Ол сол жылы «Орыс география қоғамының жазбаларында» басылған еді.

Сондай-ақ, «Солтүстік арасына» кейбір зерттеушілер авторы Шоқан Уәлиханов деп есептейтін мақалалар шыққан. Бірақ басқа зерттеушілер өзін атамаған авторлар Уәлихановтың кейбір еңбектерінен жәй ғана үзінді келтірген деп болжайды.

Материалдар: