Әлкей Хақанұлы Марғұлан

(1904-1985)

…Қазақстан ғалымдары соңғы жылдары Уәлихановтың мұрағаттағы шаң басқан қолтаңбалары мен қолжазбаларын іздеді. Соның нәтижесінде бірқатар беймәлім дүниелер табылды.

Ә.Х.Марғұлан

Қазақтың аса көрнекті археологы, шығыстанушысы, тарихшысы, әдебиетттанушысы, өнертанушысы. Филология ғылымының докторы (1946), ҚазКСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Археология және этнография мектебінің негізін салушы.

Ә.Марғұланның зерттеу нысанасы ежелгі әрқилы сәулет ескерткіштері болатын. Ол қола және ерте темір дәуірлеріндегі Бегазы, Беласар, Саңғуыр және басқалар сияқты бірегей археологиялық ескерткіштерді ашқан.

Орталық Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті», «Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті» монографияларында және бес томдық «Қазақ КСР-і тарихында» жинақталған.

1950 жылдардың орта тұсында ғалымның басшылық етуімен қазақтың аса көрнекті ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов туралы ақпараттар мен материалдарды жинады. Ә. Марғұлан Шоқан шығармалары жинағының редакторы әрі құрастырушысы болды. Сондай-ақ, ол – Уәлиханов туралы көптеген монографияның авторы.

Материалдар: