Құрбанғали Халиди

(1846-1913)

...Олардың [яғни Шоқан Уәлиханов пен оның серіктері] Қашқардан шығып келе жатқаны сол еді, Қоқаннан қатқыл хат келді. Онда былай депті: «Сіздердің [оны] көпес дегендеріңіз өтірік екен. Тез арада [оны] ұстап, өлтіру керек».

Қ. Халиди

Ресей-татар тарихшысы, өлкетанушы һәм этнограф. Имам. Аягөз қаласының тумасы.

Қазақпен, ұйғырмен және басқа да халық өкілдерімен тікелей араласу арқылы Құрбанғалидың бойында ерекше байқампаздық пен білімге деген құштарлық қалыптасты. Сондай-ақ, оған осы халықтардың тарихы мен өмір салтына қатысты барлық мәліметтерді жүйелі түрде жинау қажет деген ой келді.

Құрбанғалидың жұмысының ең маңызды тұсы саяхат жасау болды. Оның география мен топономика бойынша, қалалар, бекіністер және ірі қоныстар тарихы жөніндегі хабарлары ең алдымен өзінің жеке бақылауы мен жергілікті тұрғындармен арадағы әңгімеге негізделген. Сондай-ақ, жекелеген аудандар мен қалалардағы барлық саяси, әскери және басқа да оқиғалар туралы өзі құрастырған материалдарды қолданады. Ол өзін қызықтырған түрлі мәселелер бойынша мәліметтерді жеткізіп отыратын кейбір адамдардың да қызметін пайдаланған.

Құрбанғали Халидидің 1910 жылы шыққан ең танымал еңбегі – «Тауарих-и хамса-и-шарқида» («Шығыстың бес халқының тарихы») Шоқанның Қашқарияға экспедициясына қатысушылар туралы дерек бар.

Материалдар: