Губарев Константин

...Шоқан Уәлиханов – сондай қабілетті, жетілген және іскер жан. Мұндай адам Сібірдегі жат халықтардың ешбірінде болған емес.

К. Губарев

Публицист, «Современник» журналының қызметкері. XIX ғасырдың 60-шы жылдары Сібірге үлкен саяхат жасап, бірқатар очерктерін жариялады.

Оның Шоқанға арналған «Қырғыз даласы» мақаласы «Современник» журналына бөлек басылып шыққан (1864, 102-т., № 6, 361-378-беттер). Автор Омбыдан Ертіс өзені бойымен Кереку бекінісіне (қазіргі Павлодар қаласы) дейін баратын жолды, казак станицалары мен қамалдарын, қазақ қоныстарын, осы аймақ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы пен мейрамдарын суреттейді. Очерктің негізгі бөлігі Баянауыл және Қарқаралы дуандарына арналған. Қазақ даласының ерекше табиғаты да суреттеледі. Мысалы, орман бүркеп жатқан керемет таулар, өзен-көлдер, алқаптар, киелі үңгірлер. Мыс және алтын кеніштері туралы да айтылады.

Сондай-ақ, Шоқанға арналған бөлек мақала кітапқа шыққан.

Материалдар: