Герасимов Борис Георгиевич

(1872-1938)

Уәлихановтың келісті түр-тұлғасы Достоевскийдің назарын аударды. Олардың арасында достық қарым-қатынас орнады. Олардың бірге түскен фотосуреті де бар.

Б. Герасимов

Орыстың өлкетанушы ғалымы. Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесі Семей бөлігінің құрылтайшысы(1902). Православиелік дін қызметкері.

Төрт тілді өз бетінше үйренген. Олар – латын, грек, француз және ағылшын тілдері. Өнерге әуес болады. Гитара тартқан. Өлкетануға қатысты екі мыңнан аса еңбек жазды. 1925 жылы зерттеулері үшін География қоғамының алтын медалімен марапатталды.

Б.Герасимов Федор Достоевскийдің Семейдегі өміріне қатысты материалдарды жинаған. Кейін оларды «Сібір мұрағаты», «Сібір алауы» журналдарына (1913-1927) жариялады. Сонымен қатар, Ф.Достоевский мен Ш.Уәлихановтың бірге түскен суреті туралы айтып берген.

Материалдар: