Шоқан Уәлиханов еңбектерінің ағылшын тілінде басылып шығуы

(1865)

Уәлихановтың Жоңғария мен Шығыс Түркістанға саяхаты өте жайлы болды. Ол – әрі орыс әскерінің офицері, әрі жақсы білім алған адам. Ол – қырғыз сұлтанының ұлы және байтақ даланың тумасы. Сондықтан да ол Орта Азия халықтарының тілдері мен әдет-ғұрыптарын керемет білген. Ешкім де оның Ресеймен байланысы бар деп күдіктене алмас еді.

Д. и Р. Мичеллы

1865 жылы ағылшын Джон және Роберт Мичелдер орыс саяхатшылары туралы кітап шығарды. Арасында Ш.Уәлиханов та бар. Оның бұрынырақ ресейлік басылымдарда жарық көрген еңбектері аударылыпты. Британ баспасөзінің мәліметі бойынша, бұл кітапта «ағылшын жұртшылығына осы уақытқа дейін белгісіз болып келген деректер келтірілген, олар орыс кітаптарында жатып қалған».

Кітаптың түпнұсқадағы атауы: The Russians in Central Asia; Their Occupation of the Kirgiz Steppe and the line of the Syr-Daria; Their Political Relations with Khiva, Bokhara, and Kokan: also descriptions of Chinese Turkestan and Dzungaria. By Capt. Valikhanof, M. Veniukof, and other Russian Travellers. Translated from the Russian by John and Robert Michell. (Орыстар Орта Азияда; Олардың Қырғыз даласы мен Сырдария бойын басып алуы; Хиуа, Бұқара және Қоқанмен саяси қатынасы: сондай-ақ, Қытай Түркістаны мен Жоңғария сипаттамасы. Уәлиханов, М.Венюков және басқа орыс саяхатшыларынан алынды. Джон және Роберт Мичелдер орысшадан аударған).

Материалдар: