Берг Лев Семенович

(1876-1950)

Қашқарияда мынадай салт болған: шетелдіктер ол жерде тұрып жатқан кезінде уақытша некеге отыра алады. Бұл неке шариғат бойынша кесіледі. Уәлиханов та солай үйленді. Сөйтіп, әйелінен көптеген пайдалы мәлімет алған.

Л.С. Берг

Орыс және кеңес зоологы әрі географы. КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1928), толық мүшесі (1946), КСРО География қоғамының президенті (1940-1950), Сталин сыйлығының иегері (1951 – өлген соң). Ихтиология, география және эволюция теориясының негізін қалаушы еңбектердің авторы.

Ол географ ретінде түрлі өңірдің табиғатына қатысты мол материал жинап, жер шарындағы аймақтар климатын талдап берді, КСРО мен көршілес елдер аумағының ландшафтына сипаттама жасады. «КСРО табиғаты» оқулығын шығарды. Берг заманауи физикалық географияны жасаған. Ол – ландшафттанудың негізін қалаушы. Ол ұсынған ландшафтты бөліністер қосымшалар енгізіліп, әлі күнге дейін сақталып тұр. Берг әлемдік ихтиологияның классигі саналады. Ол көптеген өзен-көлдердің балық фаунасына сипаттама жасады. Балықтар мен балық тектестер жүйесін құруды ұсынған.

Бергтің ғылым тарихына қосқан үлесі зор. Оның осы тақырыпқа, соның ішінде Орыс география қоғамына арнаған кітаптары көп. 1946 жылы аталған қоғамның 100 жылдығына орай кітабы шыққан. Онда Шоқан Уәлиханов туралы КСРО-да жарияланған алғашқы мақалалардың бірі берілді.

Материалдар: